Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Қорғаныс министрлігі Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің (ДҰҰ) бастығы генерал-майор Бауыржан Артықов мәлім етті.
Департамент басшысы облыстарда жергілікті атқарушы органдар әкімдерінің орынбасарлары басқаратын қалалық және аудандық шақыру комиссияларының жұмысына тоқталды.
"Биыл 1 қыркүйек пен 28 желтоқсан аралығында Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыруға немесе босатуға негіз жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы он тоғыз мыңнан астам мерзімді әскери міндеттілер толықтырады". Генерал-майор Бауыржан Артықов
Сурет: akorda.kz