"Міржақып. Оян қазақ!" фильмінің прокаты ұзартылатыны рас па

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы аудитория сұранысына байланысты «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің кинотеатрлардағы көрсетілім мерзімін тағы бір аптаға ұзартты.


«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі өткен жылы Корпорацияның толықтай мемлекеттік тапсырыс негізінде түсірілген 6 сериялы телехикаядан дайындаған кинотуындысы. Яғни, фильм мемлекеттік қаражат есебінен түсірілген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Келісімшартқа сәйкес фильм 21 қыркүйектен бастап барлық қалалардағы үлкен экрандарда 15 күн бойы прокатта жүрді.

Бұдан бұрын бір рет сұранысқа сәйкес көрсетілім 4 күнге ұзартылған еді.