20 миллионыншы туған 5 балаға ақшалай сыйақы берілетін болды

«Отбасы» банкі еліміздің 20 млн-шы тұрғыны атанған 5 балаға 2 млн теңгеден береді.

Бұл туралы «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы “Адырна”-ға сілтеме жасап.

«Отбасы банкі» еліміздің 20 млн-шы тұрғыны атанған балалардың болашағына да өз үлесін қосқысы келеді. Біз оларға әрқайсысы 2 млн теңге номиналды құны бар сыйлық сертификатын сыйлаймыз. Бұл сертификат жай ғана сыйлық емес. Ол – жарқын болашаққа жолдама. Бұл қаражат жеке баспана сатып алудың алғашқы қадамы болады, — деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Сертификатты қолдану үшін балалардың ата-аналар өздері тұрып жатқан қаладағы банк филиалына барып, жеке куәлігін, баланың туу туралы куәлігін көрсетуі керек. Сонымен қатар видеобанкинг арқылы да хабарласуға болады.

Ол үшін ата-аналарға 3 ай уақыт беріледі, — деді Ләззат Ибрагимова.