Al Jazeera Палестина денсаулық сақтау өкілдеріне сілтеме жасап Израильдің Газа секторындағы әрекеттері салдарынан қаза тапқандар саны 493 адамға жеткенін хабарлады. |
Бұл туралы Kazinform агенттігі. ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.
2750-ден астам адам жарақат алған.
БҰҰ мәліметінше, Газа секторында 123 мыңнан астам босқын бар.
Палестиналық содырлар мен Израиль арасындағы қақтығыс басталғалы Газа секторында 123 мыңнан астам адам ел ішінде қоныс аударған.
«123 538-ден астам адам Газа секторында негізінен қорқыныш, қауіпсіздік және үйлерінің қирауы салдарынан ел ішінде қоныс аударуына тура келді», — делінген БҰҰ гуманитарлық агенттігінің мәлімдемесінде.
Осы арада Палестина денсаулық сақтау органдары Газадағы қаза тапқандар санын жаңартты: қаза тапқандар саны 436 адамға жетті, оның ішінде 9 бала бар.