Журналист Гүлбану Әбенова белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовты қатаң сынға алды. |
Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"ЖАПОНИЯНЫ НЕГЕ ЯПОНИЯ ДЕЙДІ?
Тіл, сөйлеу мәдениеті. Сахнадан сөйлеген халықтын құлағында қалады және осылай сөйлеу дұрыс деп ойлайды көбісі.
Кеше белгілі драматург Roza Mukanova теледидардан қандай тіл пайдаланатын туралы сын айтты. Бәрі келісті, қауым қолдап отыр. Енді теледидар басшылығы осы мәселеге мән беру керек міндетті тұрде.
Мысалы, осы Қабатовтын сахнаға лайық емес екенің мен айтып кележатырмын. Не білімі, не мәдениеті жоқ. Надан, бірақ пойдет біздің ауылға бізде ауылдан шыққанмыз деп қолдайды халық.
Кеше автобус кондуктордын сөйлеуіне қаншама сын айтты жұрт арасында орысша сөз көп қосады деп. Ол жәй кондуктор. Осы жұмысқа білімі дипломы болмағасын барған ғой.
Ал, мен қазақша жазсам қаншама сын естимін, жазбасан тағы пәле неге қазақша жазбайсын деп шығады осы Қабатовтын көрермендері.
Мен қазақ мектебінде оқымадым, біздің қалада қазақ мектебі болмады, бір интернат болған қала шетінде. Ал Қабатов ауылда қазақ мектебінде оқыған. Ол неге көп орысша сөз қосады? Неге Жапонияны Япония дейді?
Остров — арал
Краска — бояу
Есть такое государство — мұндай мемлекет бар
Художник — суретші
Кисточка — қылшық
Қабатовқа жеткізіңізші қазақ мектебің бітірген, мен гугл-аудармашыны қолдандым, соны олда қолдансын", — деп жазды журналист.
Естеріңізге, осыдан бірнеше уақыт бұрын журналист Жанар Байсемізова да Тұрсынбек Қабатовты сынаған болатын.