Қазақстандықтар үшін тағы бір елмен визасыз режим күшіне енді

Визасыз режим 6 қаңтардан бастап күшіне енді.

"Қазақстан мен Сейшел аралдары 2023 жылдың қыркүйегінде Нью-Йоркте визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойды. Құжатқа БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясы аясында ҚР премьер-министрінің орынбасары — Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Сейшел аралдарының Сыртқы істер және туризм министрі Сильвестр Радегонд арасындағы келіссөздер барысында қол қойылды".Айбек Смадияров

Келісім алты ай сайын 30 күнтізбелік күнге дейін кіру кезінде төлқұжаттардың барлық түріне визалық талаптарды алып тастауды қарастырады.

Бұл ретте екінші тарап мемлекетінің аумағында кәсіпкерлікпен айналысу, жұмысқа орналасу немесе оқу үшін ең ұзақ мерзімнен артық тұруға ниет білдірсе, онда азаматтар осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес талап етілетін тиісті визаны алуға міндетті.

Бұған дейін қазақстандықтар үшін Қытаймен визасыз режим жұмыс істей бастады.

Сурет: ашық дереккөздерден