Бүркітші Айшолпанның отбасы Қазақстанға көшіп келді

Әлемге әйгілі бүркітші, отандасымыз Айшолпанның отбасы елге көшіп келді.

Бұл туралы Қазақпаратқа сілтеме жасаған Сaravan.kz хабарлайды.

«Мен Қазақстандамын, бір аптадай бұрын ата-анам мен бауырларым көшіп келді. Өзім Алматыдағы С.Демирел атындағы университетте қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша 4 курста оқып жатырмын. Қазір мамандығым бойынша жұмыс қарастырып жатырмын», — деді Айшолпан Kazinform тілшісіне ұялы телефон арқылы берген сұхбатында.

Сондай-ақ, отандасымыз бүркіт өнерін тастамағанын айтты.

«Оқу мен бүркітпен айналысуды қатар алып жүрмін. Аптасына бір рет айналысамын. Жарыстарға қатысып жүрген жоқпын, тек қонақ ретінде барамын. себебі оқудан қол тимейді», — дейді бүркітші қыз.

Еске сала кетсек, 2018 жылы қарашада бүркітші Айшолпан туралы фильм шықты.