ҰҚК: қылмыстық топ мүшелері Бурабайдағы бизнеске бақылау орнатуға тырысқан

Олардан атыс қарулары тәркіленді.

ҰҚК прокуратураның үйлестіруімен бопсалау күдігі бойынша Ақмола облысының 2 тұрғынын ұстады, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.

2024 жылғы 27 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен бопсалау күдігі бойынша Ақмола облысының 2 тұрғынын ұстады.

"Тергеу материалдары бойынша, олар шетелдік "вор в законе" деп аталатындардың қамқорлығымен кәсіпкерлерден ақша бопсалаумен айналысқан, осылайша "Бурабай" курорт аймағының бизнес субъектілеріне қылмыстық бақылау орнатуға тырысқан", — делінген хабарламада.

Тінту барысында іс фигуранттарынан атыс және суық қару, сондай-ақ есірткі заттары алынды.

"Қылмыстық кодекстің 194-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", — делінген ҰҚК хабарламасында.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жарияланбайды