Әлеуметтік желіде заңгердің отбасылық қарым-қатынасқа қатысты берген кеңесі көптің талқысына қалды. |
Заңгер Мәулен Спанқұлов оқырмандарына "Күйеуіңіз боқтаса не істеуге болады?" деген тақырыпта кеңесін берген, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.
"Егер сізді күйеуіңіз үйде сізді боқтап қорласа не істеуге болады? ҚР Қылмыстық кодексінің 131-бабына сәйкес күйеуіңізге 100 АЕК (345 мың теңге) дейін айыппұл салдыра аласыз. Құқықтарыңызды біліп жүріңіз", — деген ол.
Желі қолданушылары маманның бұл кеңесіне "Қазақтың менталитетіне келмейді", "Есі дұрыс әйел күйеуім боқтады деп шағымданбайды" десе енді бірі "Дұрыс айтасыз. Олай қорланбауы керек әйел" деген пікірлерін жазуда.