Қазақстанда автогаздың айтарлықтай тапшылығы күтілуде. Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәжіліс аясында мәлімдеді, деп хабарлайды LS.
Оның айтуынша, ағымдағы жылдың тоғыз айында елде автогаз тұтыну 25%-ға өскен.
"Бұл айына 225-250 мың тоннаға жуық өсім. Нарықта айтарлықтай тапшылық күтілуде. Біз бұл туралы айтуға мәжбүрміз. Министрлік ретінде жауапкершілікті өз мойнымызға ала отырып, қоғамға, біздің автокөлік жүргізушілерімізге, тұтынушыларға отынның бұл түрімен мемлекет қазірдің өзінде елеулі проблемаларға тап болып отырғаны туралы хабардар етеміз. Бұл мәселе қысқа мерзімде шешілмейді", – деді Сатқалиев.
Министрден бұрын автокөлікті газға ауыстыруға шақырылған қазақстандықтардың наразылығымен не істеу керектігі сұралды.
"Баршаға мәлім мемлекеттік қолдау шаралары бар, біз кәсіпорындардың экономикасы туралы айтып отырмыз. Мемлекеттің халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау стандарттарын қолдануға мүмкіндігі бар, сол немесе басқа өндірісті субсидиялау арқылы қолдау құралдары бар. Үкімет әлі де белгілі бір шараларды жүзеге асыру кезінже теңгерімді көзқараста болады деп ойлаймын. Мен қазір тек үкімет деңгейінде талқыланатын энергетика министрлігінің бастамасы туралы айтып отырмын", – деп түйіндеді ол.
Бұған дейін, Қазақстанда автогаздың 110 теңгеге дейін қымбаттауы күтілетіні туралы ақпарат шықты.
Осы ретте, LS редакциясы Қазақстанда газ бумы болжанып отырғанын хабарлаған болатын.