Қоғам белсендісі Қарагөз Сағынтай хиджаб киетін қыз-келіншіктердің көбі жеңіл жүрісті екенін айтты. |
Бұл туралы ол Stan.kz You Tube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Негізінде хиджабтағылардың 80% кешке дейін имам, кештен кейін иван болып жүреді. Өтірік емес, клубқа барып ішіп-шегіп, істейтінін істеп жүре береді. Хиджабтағы жезөкше. Орамалдағылардың бәрі жезөкше болмаса, біз осыны қайдан шығарып аламыз. Өздерін пәк қылып көрсетіп, ішіп-шегіп, алдап жүретіндер бар. Ондайларды көзбен көрмесек айтпайтын едік. Тик токта боқтасып отыратындар да бар", — дейді ол.
Сондай-ақ, Қарагөз Сағынтай хиджаб таққан қыздарға Айнұр Тұрсынбаева ақша беретінін де айтты.
"Менің өнерде жүрген бір таныс қызыма Айнұр Тұрсынбаева хиджабқа келсей, ақша төлейді деп айтыпты. Өздерінің бір ұйымдары төлейді екен деп айтты. Ертең мені Айнұр Тұрсынбаева сотқа берсе берсін. Маған солай айтқаны рас. Желіде де бізге ақша төленеді деген орамалды қыздардың да видеосы тарап жатты ғой", — дейді қоғам белсендісі.