Жарысқа 33 көлік қатысты.
"ICE DRIFT BATTLE 2024" чемпионаты Семей қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтті. Бұл жарысқа Қарағанды, Өскемен, Павлодар және Семей қаласынан автоспортшылар қатысты.
“Мұз үстіндегі дрифт Семейде алғаш рет ұйымдастырылғандықтан, бас төреші Ресей Федерациясының Екатеренбург қаласынан Андрей Паули есімді дривингпен айналысатын спортшы төреші болды. Мұз үстіндегі сайыс жоғары дәрежеде өтті деп айтуға болады”,- деді спорт бөлімінің басшысы Бауыржан Дюсенбаев.
Финалдық жарыстардың жеңімпаздары Өскемен қаласынан болды: І орын Евгений Гладких, ІІ орын Шатаев Яков, ІІІ орын Иван Литвинов.
Жарысқа 33 көлік тізімге іліккен. Бірақ тек 25-сі спорттық додада бағын сынады. Ал жарысты шамамен 3 мыңнан астам қала тұрғындары тамашалады.
Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі