"Кім айтты хиджабтағы қыздар сүттен ақ, судан таза деп?": Танымал журналист күйеуінен махр орнына 20 млн теңгені ұрлап кеткен оранған қыз туралы жайып салды

Белгілі журналист, қоғам белсендісі Нәзия Жоямерген қазіргі таңда өзекті болып тұрған "махр" тақырыбын қозғады.

Ол хиджаб киіп, намаз оқитындардың бәрі періште емес екендігін кесіп айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ол: "Ұрлық пен махр" жазбасында атап өтті.

"Аян деген мына бала “бұрынғы әйелім салафизмді насихаттайтын. Үйде тұрған 20 000 000 теңгемді ұрлап кетті. Ақша менікі емес еді” депті… Ал мына әйел: “Маған берген махрың болсын” депті… “Хиджап киіп, намаз оқитындардың бәрі — періште”- деп ойлайтындарға дұғай сәлем айтың", — деп жазды ол.

Көпшілік журналисттің бұл жазбасынан кейін, оны қолдау жөнелген.

"Орамал тағатындар арасында адалдары да бар ғой. Бірақ күнәларын хиджаппен бүркемелегісі келетіндердің көптігі де жасырын емес", "34 жыл болыпты баймен отасқаныма. Махрсызда күн кешіп келеміз. Бес бала тәрбиеледік. Кәдімгі орамалмен,намазымды өтеп, Махыр бермедің деп кісінің ақысын сұраусыз алуға болмайды", "Кім айтты хиджабтағы қыздар сүттен ақ, судан таза деп? Себебі періште тек көкте ғана, бәленің бәрі осылардан шығады, арам пиғыл" деп жазды олар.