Өз әйелін өлтірді деп күдікке ілінген Қуандық Бишімбаевтың адвокаттпры Назкен Құсайынова мен Лейла Рамазанова атышулы іс бойынша өрескел бұзушылықтарға жол берілгенін мәлімдеді. Олар әр азаматтың қорғауға құқығы бар екенін атап өтті. |
Бұл туралы олар "Elmedia" YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Адвокаттардың айтуынша, ҚР Ұлттық экономика экс-министрі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін кінәсін мойындамайды.
"Қуандық Бишімбаев бұл жағдайды қайғылы жағдай деп сипаттайды, ол кісі өлтіруге өзінің кінәсін мойындамайды. Ол әлі де болған жағдайға сенбейді. Ол әлі күнге дейін Салтанатты жақсы көреді", — деді күдіктінің қорғаушысы сұхбат барысында.