Атышулы Меруерт Түсіпбаева белгілі қоғам қайраткерлеріне "тиісемін" деп елден сөз естіді. |
Оған әншінің Алматыдағы трамвай туралы жазбасы себеп болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Әнші шетелде трамвайды көріп, Алматыдағы қоғамдық көлікті құртқан шенділерге өкпелі екенін жасырмаған.
"Беттері күйгендерге, косякты жабуға — хайп деген сөз жақсы болды-ау…. “Қозы Көрпеш- Баян Сұлу” сериалын сынап жазғанымда, Азамат сұхбат беріп хайп деді; Мемлекет қаржысынан, сіздер мен біздердің ақшамызға, төлеген салықтарымызға түсірілген сол сериал казір қайда екен… #шаңбасқанархив-терде бәлкім…. Шетелге келсем , трамвай көрсем, неткен момын халықпыз, бүкіл Алматы тұрғындары болып, #трамвайымызды сақтап қала алмадық- ау…Трамвай — қаламыздың көркі еді, және экология жағынан пайдалы транспорт…. “Пробки“ қаламыз казір зәру трамвайға, сөзсіз….Байбекке бір адам қарсы шықпады сол кезде…. Казір трамвай көрсем , өзегімді өкініш өртейді, қолыма плакат алып тиме трамвайға деп жалғыз болсам да шығу керек еді…Өткенге өкінбей енді… Жаздым, осы жолы, қорықпай, Азекем мені тағы хайп депті, көреміз ғой?
Ал енді, үндемей қойсам, Қазақфильмның алтын жеріне көптеееен, көз тіккен ашкөздер, зәулім үйлер салып болған соң аххх (?!) демейін, деп жаздым …Қазақтар, БАР -дың басына су құюға мастерміз иа, қайтейін енді?! Мен үндемесем, сен айтпасаң, ол қолын бір сілтесе?! Жұртым не болады сонда??!!! Байбек мырза, сіз қайдасыз енді? Храпунов жеді, ішіті, қашты деп ренжідік қой; ол кісінің ұлты басқа, сіз — ҚАЗАҚсыз ғой! Алматының трамвайы қайда?!Елге бірге қайтайық" деп жазды ол.
Көпшілік әншінің бұл жазбасына қолдау көрсеткен. Сонымен бірге олардың арасында өнер иелерінің арасында осындай қаңқу сөздің көбейгенін жазған.
"Бір біріне қарсы шыгып әнші, актёр не болып жатыр? Бейбитті бір қорлап, Азаматты бір айтып. Көрмейтін адам емессіздер ғой, алда Наурыз сахнада жолығып қаласыздар, ұят болады", "Сол қазақты ұят болады құртады ғой", "Меруерт бәле іздеп жүреді ғой солай, Азамат бір нәрсе бөліспеген да , сосын қақсай береді", "Ұят болады екен деп , заңсыздыққа жол беріп отыруға болмайды, сын түзелмей мін түзелмейді", — деп сынады олар.