Қоғамдық рейтинг енгізу ұсынылды
Премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында сенатор рейстердің жүйелі түрде кешігуі мен жолаушылар құқығының бұзылуына алаңдаушылық білдірді.
"Қазақстанның әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заңға сәйкес тасымалдаушылар рейс мәртебесі өзгерген жағдайда жолаушылар алдында жауапты болады. Атап айтқанда, егер кідіріс әуекомпанияның кінәсінен болса, ол жолаушыларды төрт сағаттан артық күту кезінде ыстық тамақ және бес сағаттан артық кешігу кезінде қонақүйде орналастыру сияқты қажетті қызметтермен қамтамасыз етуге міндетті", — деп еске салды Лукин.
Алайда, тәжірибе көрсеткендей, көптеген әуекомпаниялар бұл талаптарды жүйелі түрде бұзады, дейді сенатор.
Сурет: ашық дереккөздерден