Қазақстандық пара дзюдошылар әлемдік Гран-при жарысында 3 медаль жеңіп алды

Бразиляның Сан-Паулу қаласында пара дзюдодан әлемдік Гран-при жарысының алғашқы күнінде қазақстандық спортшылар 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль еншіледі. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» сілтеме жасап хабарлайды.

J2 классында 81 келі салмақ дәрежесінде Бексұлтан Құлмырза алтын, ал Ғалымжан Смағұлұлы күміс медальға ие болды.

J1 классында 70 келі салмақта Аслан Нурдаулетов қола жүлдегер атанды.

Бүгін жүлде үшін отандастарымыз Абылай Әділбеков (J1 95 кг), Бағланбек Оналбек (J1 +95 kg) және Жұрқамырза Шүкірбеков (J2 +95 кг) сынға түсетін болады.

Айта кетейік, жарыс 16-17 желтоқсан аралығында өтуде.

TELEGRAM