Доллар қайта қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысына сенсек, доллар бағамы 2,84 теңгеге қымбаттаған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 463,98 теңге.

Ұлттық банктің 13 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 460,50 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,87 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 464 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 467 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 463,7 теңге, сатып алу құны– 467,7 теңге.

Ресей рублі 4,75 – 4,99 теңге аралығында саудаланып жатыр.