Мектептер түгел онлайнға көшті. |
Қатты аяздың болжануына байланысты Ақмола облысының Көкшетау қаласында бірінші ауысымдағы барлық оқушы онлайнға көшірілді, деп хабарлайды Kazinform.
«Ауа температурасының -37 градусқа төмендеуіне байланысты 8 желтоқсанда Көкшетау қаласы мектептерінің бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан өткізіледі», –делінген қалалық білім бөлімінің мәліметінде.
Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті 7-8 желтоқсан күндері өңірде -38 градусқа дейін қатты аяз болатыны туралы SMS хабарлама таратқан болатын.
Еске салайық, бейсенбі, 7 желтоқсанда Көкшетау мектептерінде екінші ауысым оқушылары мектепке барған жоқ.
Айта кетейік, ауа температурасының күрт төмендеуінен қазір Астанадан шығатын барлық республикалық жол жабық тұр.