Қазақстандағы жолдар ҚДБ-дағы қарыз есебінен қалпына келтірілетін болады

Жобаның жалпы құны 951 542 362 857 теңгені құрайды.

Атап айтқанда, 2024 жылға мемлекеттік кепілдіктермен мемлекеттік емес қарыздар қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесіне мыналар қосылды:

  • 2024-2033 жылдарға арналған Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын қалпына келтіру жөніндегі инвестициялық жобаны "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы жүзеге асыратын болады.

Жобаның жалпы құны 951 542 362 857 теңгені құрайды. Мемлекеттік кепілдік мөлшері — 450 000 000 000 теңгеге дейін (шамамен 1 000 000 000 доллар).

Әлеуетті қарыз беруші — "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ.

Сурет: Zakon.kz