Елімізде үш айда 432 балаға көкжөтел тиген

Қазір Астанада — 126, Алматыда — 30 бала емделіп жатыр.

Олардың 400-ге жуығы 14 жасқа дейінгі балалар, ал оның 90%-ы бес жасқа толмағандар.

Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары мұны ұжымдық иммунитеттің төмендеуімен байланыстырып отыр. Вакцина алмаудың салдары да осы аурудың өршуіне себеп, — дейді. Дәрігерлер кішкентай науқастардың 80 пайызы уақытылы екпе салдырмағанын айтады.

"Ауырған кезде де негізі жеңіл түрде өтеді. Пневмония, гипоксия, қатты жөтел ондай болмайды. Вакцинация бізде екі айдан басталады. Үш айда, төрт айда, одан кейін 18 айда вакцинация. Және 6 жаста соңғы ревакцинация болады", деді қоғамдық денсаулық сақтау орталығының департамент директоры Қанат Текебаев.

Сурет: ашық дереккөздерден