Бұл туралы 2024 жылдың 9 шілдесінде ҚМА баспасөз қызметі хабарлады
Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысында денсаулық сақтау объектілерін салу кезінде заңсыз сыйақы алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
"Авторлық қадағалау тобының басшысы бопсалау жолымен орындалған жұмыстар актілеріне және пайдалануға беру актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" Ұлттық жобасы шеңберінде дәрігерлік амбулаториялар салуды жүзеге асыратын компанияның бас инженерінен 9 000 000 теңге мөлшерінде заңсыз сыйақы алғаны анықталды."ҚМА баспасөз қызметі
Тергеу әрекеттері барысында күдікті қолма-қол ақша алу кезінде ұсталды.
Заңсыз сыйақы мөлшері көрсетілген объектілерді салу құнының жалпы сомасының 1% — құрайды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.
Сурет: ҚМА баспасөз қызметі