Жамбыл облысында жер сілкінісі болды

Жамбыл облысында жер сілкінісі болды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Жер асты дүмпулерін Төтенше жағдайлар министрлігі СТӘЭ ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 26 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 11:38-де тіркеді.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан батысқа қарай 482 шақырымда Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 9,6, магнитудасы — MPV 4,5", — делінген хабарламада.

Tengrinews.kz оқырмандары мәліметінше, жер сілкінісі Таразда сезілген.

"Қанша балл болғанын білмеймін, бірақ қатты сілкінді", — дейді қала тұрғыны.