"Дайындықсыз келеді, нақты жауап жоқ". Мәжілісте үкіметке ескерту жасалды

Мәжіліске басшы министрлер мен олардың орынбасарлары дайындықсыз келеді.

Бұл туралы депутат Еділ Жаңбыршин айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Мәжілістің жалпы отырысында депутат басшылар сұраққа нақты жауап бере алмайтынын айтып қынжылды.

"Біздің министрлер мен олардың орынбасарлары дайындықсыз келеді. Біреуі жауапты оқып отыр, екіншісі жалпылама әңгіме айтады. Бұл бірнеше рет қайталанып отыр. Депутаттар нақты сұрақ қояды. Нақты жауап жоқ. Қайта-қайта біз нақтылап отырамыз. Олай болмауы керек қой", — деді Еділ Жаңбыршин.

"Сіз ескерту жасағансыз, сұрағыңызды қойсаңыз", — деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутаттың сөзін бөліп.

"Бұл бірінші рет емес, Еран Жақанұлы, сондықтан мен депутаттардың нақты сұрағына нақты жауап беруін қалаймын, артынан біз нақтылау сұрағын қоймас үшін", — деп Еділ Жаңбыршин отырыстың күн тәртібі бойынша сұрағын жалғастырды.